ҚАЗАЛЫДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінің тұрғыны Қалибек және Кенжегүл Жаңабековтердің отбасында үшем дүниеге келді. Олардың үшеуі де ұл бала. 
Үшемнің әкесі Қалибектің мамандығы – ветеринар. Ал оның жұбайы – Кенжегүл уақытша жұмыссыз. Бұл отбасында бұрын бір қыз дүниеге келген еді. Құдай қаласа, оның соңынан енді үш інісі еретін болды. Шаңырақ иелері үшемдерге Диас, Манас, Мансұр сынды есімдерді беруді жөн көріп отыр. Біз қуанышқа бөленген отбасына құтты болсын айтып, өмірге келгендеріне әлі апта тола қоймаған нәрестелерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. 
Өткен жылы дәл осы уақытта Қазалы топырағында осындай үш ұл бала жарық дүние есігін ашты. Бүгінде 1 жастан асқан Айбол, Ербол, Нұрбол есімді нәрестелер өз отбасының көз қуанышына айналып отыр. 
Әділжан ҮМБЕТ. 
АҚПАРАТ 11 ақпан 2014 г. 971 0