ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ

Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 20 сессиясы 2013 жылғы 22 қазанда сағат 15.00-де облыстық мәслихат аппаратының мәжіліс залында ашылады және сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы №61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Қызылорда облысының баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
3. Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы.
4. Қосымша мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2013 жылғы 22 қазанда сағат 11.00-де өткізіледі.
Облыстық мәслихат.

АҚПАРАТ 17 қазан 2013 г. 975 0