« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
2017 жылғы 13 қыркүйекте Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысын іске қосуға ресми түрде пәрмен берді. Бүгін электронды сот төрелігінің жаңа құрылымы мен соңғы атқарылған жұмыстар бойынша журналистер үшін арнайы пресс-тур өткізілді.
Іс-шараны Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысы Нұрсерік Шәріпов пен Жоғарғы Соттың БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Елена Максюта жүргізді. Пресс-турға 17 БАҚ-тан 30-ға жуық журналист қатысты.
Іс-шараны аша келе, Н.Шәріпов соттар жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысының тұжырымдасына тоқталды. «Электронды сот төрелігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде, мұның барлығы тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің өсуіне негіз болып табылады» - деді ол.
Бұдан әрі журналистерге аудиобейнетіркеу (АБТ) жүйесі, соның ішінде, бейнеконференцбайланыс (БКБ) өткізу мүмкіндіктері таныстырылды. Ұлт Жоспарының 20-қадамын орындау мақсатында бүгінде барлық сот залдары (1418 зал) АБТ жүйесімен жарақтандырылған. Сот отырыстарының 98% АБТ қолданыла отырып жүргізіледі. Соттар жұмысына электронды хаттама енгізілген. АБТ жазбасын түзету мүмкіндігі жойылған және оның кепілді сақталуы қамтамасыз етілген.
Таныстыру аясында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерімен және уақытша ұстау абақтысымен қосылу ұйымдастырылды. БКБ түзету жүйесі органдарына сотталушыны күзетпен әкелу тәжірибесінен бас тартуға мүмкіндік береді. БКБ арқылы ағымдағы жылы жергілікті соттар 9 589 материалды қарады. Қажеттілік болған жағдайда кез келген сот отырысының қатысушысы еліміздегі өзіне жақын тұрған сотқа бару арқылы сот процесіне қашықтықтан қатыса алады. 2017 жылдан бастап соттарда Мобильді сот кабинеті сервисі іске қосылды. Енді тараптардың біріне сотқа келмесе де болады. Ол тарап сот процесіне интернетке қосылған мобильдік құрылғы арқылы тіпті шетелде болса да қатыса алады.
Бұдан әрі БАҚ өкілдеріне Ахуалдық орталық жұмысы таныстырылды. Ахуалдық орталық – онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі. Жоғарғы Сот Ахуалдық орталық арқылы шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді көріп, оларды жедел түрде түзету бойынша шаралар қабылдай алады.
Жалпы алғанда, Ахуалдық орталық 370 жергілікті соттың жұмысын 700 көрсеткіш бойынша бақылай алады. Келіп түсетін ақпарат іс қағаздары мен сот ісін жүргізу, «Төрелік» жүйесінің құрамдас бөліктеріне мониторинг жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік пен АБТ-ны қолдану секілді 4 блокқа бөлінген.
Бірінші блок республикадағы барлық соттар кеңселерінің жаңа хат-хабарларды тіркеу, істер мен материалдарды автоматты түрде бөлу жұмысын қадағалайды.
Екінші блок «Төрелік» жүйесінің барлық серверлік құрамдас бөліктерінің жұмыс істеу мүмкіндіктерін бақылайды. Жүйе 25-тен астам көрсеткіштен тұрады және белгіленген параметрлерден ауытқушылықтарға жедел түрде ден қоюға, олардың жұмысын тұрақтандыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Үшінші блок киберқауіптерге дер кезінде ден қояды, олардың болашақта пайда болу ықтималдығын жояды.
Төртінші блок республикадағы барлық сот отырысы залдарындағы ахуалды жедел қадағалайды. АБТ мониторингі үшін сот отырысының уақтылы өткізілуін анықтауға, АБТ-ны қолдану және репликациялау туралы есеп алуға мүмкіндік беретін тиісті функционал әзірленді.
Ахуалдық орталық – сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі. Ол тараптардың бірі қандай да бір кемшілікті айтып сотқа жүгінгенге дейін оны анықтап, жоюға мүмкіндік береді.
Ахуалдық орталықтың әлеуеті соттар жұмысына мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша электронды шешімдерді үнемі жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Еркебулан ЕСЖАНОВ
Қызылорда қаласының № 2 сотының
бас маман сот-мәжілісінің хатшысы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |