ӨЛШЕП ОРАЛҒАН ТАУАРЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тауар үлгілерін сатып алып және орауышқа өлшеніп буып-түйілген тауарлардың санының қаптамаларда белгіленген шамаға сәйкес келуіне облыс көлемінде тексерістер жүргізді.

Тексеру МЕМСТ 8.579-2002 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесіне сәйкес жүргізіліп, тексеру барысында өлшеп оралған тауарлар санының қаптамаларда белгіленген шамаға сәйкес келмеуі фактілерін анықтады.

   Өнімдердің таза салмағын өлшеу нәтижесі бойынша:

– «Балшекер» қанты-350гр, ҚР, Алматы қаласы, «Серхат» ЖШС-де, «Алтын дән» жаймасы, 400гр, ҚР, ОҚ облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Алтын дән» ЖШС-де, «Бегемотик Бонди» бисквиттік қаусырма, 32гр, Ресей, Владимир қаласы, «Бриджитаун Фудс» ЖАҚ, «Лия» Манпары-300гр, ҚР, Алматы қаласы, «Лия» ЖШС-де, «Бүлдірген-мүкжидек киселі»-200гр,Ресей, Челябі облысы, Копейск қаласы, «ФПК» ЖШҚ-да, кәрісше сәбізге арналған «Приправа»-15гр,  Ресей, Челябі облысы, Копейск қаласы, «ФПК» ЖШҚ-да, «Sulu»сабыны-85гр, ҚР, Алматы қаласы, «Адал Плэнт» ЖШС-де, «Узор» сабыны-200гр, Ресей, Саратов қаласы, «Жировой комбинат» ЖАҚ-да, тауарлар саны қаптамада көрсетілген шамаға сәйкес келмейтіні анықталды.

Тауарлардың салмағы таза салмақтың рұқсат етілетін мәнінің  шекарасынан төмен болуына байланысты жарамсыз деп танылды. Өйткені рұқсат етілетін кері ауытқулар шегінен ауытқушылық бар екені анықталды, ал ол  МЕМСТ 8,.579-2002, 4.2. 5.1. және ҚР СТ 2.156-2009, 5.5 тармақтары талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижесінде департамент тарапынан заңды тұлғаларға қатысты  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып айыппұл салынып, Заң бұзушылықтарды жою және жарамсыз өнімдер топтамасын айналымға шығаруға тыйым салу туралы нұсқамалар берілді.

                                                                       Техникалық реттеу және метрология комитетінің 

                                                                             Қызылорда облысы бойынша департаменті.

АҚПАРАТ 16 қазан 2017 г. 584 0