« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Газбен иістену жылыту маусымы кезінде өте жиі кездесетін жағдай болғандықтан басты мәселе болып саналады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, апта сайын газбен иістену оқиғаларының 3-4 жағдайы кездеседі және кейбір жағдайларда адам өлімімен аяқталады. Сондықтан газбен иістену және оның алдын - алу іс – шаралары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Газ иісті және мүлдем иіссіз болып келеді. Иісті газбен уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Иісті газ ауа атмосферасына жанудың әсерінен пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын газдар. Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар, иісті газдың тұрғын үй немесе басқада жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Адамдар сол иісті газбен ластанған ауамен дем алғанда уланады. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% көміртегі оксиді (СО ) болған жағдайда адамның бас ауруы мен тұншығуы сезіледі. Көміртегі оксиді ( СО ) концентрациясының 0,32% -ға көбеюі салдарынан адам сал болып калу, естен тану жағдайларына әкеліп соқтырады.1,2 % - дан жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде өміріне 3 минуттан кейін қауіп төнеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті.
Иісті газбен улану белгілері:
Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
Иісті газбен уланудың алдын - алу іс - шаралары:
Пеш және пеш құбырларының жарылуын болдырмау, бітелген құбырларды, турбаларды тазалап түтін жолдарын ашу. Пешке от жаққанда, отын салғанда есік – терезелерді ашып үйді таза ауамен желдетіп тұру және оттың жанғанын қадағалап тұру керек. Әсіресе жатар уақытында оттың жануын қадағалау, өйткені адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады және өрт салдарына әкеліп соғады.
Қ Р ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы»
ММ-нің Қызылорда облысы
бойынша филиалының дәрігері
А.Б.Есахаев
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |