ЖЕМҚОРЛЫҚ СЕБЕПТЕРІНЕ СЕРГЕК ҚАРАУ МІНДЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшін­ші жаң­ғыруы: жаһан­дық бә­секеге қабі­леттілік» атты Жолдауында «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық дең­гейін төмендету бағы­тында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жем­қор­лықтың салдарымен күре­суге аударылып отыр. 

Сыбайлас жем­қорлықтың се­бептері мен ал­ғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» – деп атап көрсетті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екенін, әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әре­кет барысында оны жалпы жұрт­шылықтың жек көруі күрес­тің қуатты құралына айналуға тиіс екенін жеткізді. Бұл арада негізгі басымдықты анықталған бұзу­шы­лықтар бойынша жазаға тартуға ғана емес, алдын ала сол бұзу­шы­лықтың себептері мен алғы­шарт­тарын анық­тап, оны болдырмау мәселесіне беру керектігі сонымен қатар, қоғам алдында ашық түрде жариялау, бұндай әрекетке халықтың жек көру­шілік сезімін ояту мәселелері  қамтылған. Бұ­ған тек, құзырлы органдар ғана емес, бүкіл қоғам болып  атсалысу қажеттігі нақты ай­­қын­далған. Бұған дейінгі Президенттің Жарлығымен қа­­былданған ҚР 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стра­­­тегиясының негізгі мақ­саты да мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­са­тының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау ар­қы­лы бұл қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмен­дету болып табылады. Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жет­кі­зуге бағытталған «Нұр Отан» пар­тиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағ­дар­ламасының ережелерін, сон­дай-ақ басқа да қоғамдық бір­лес­тік­тердің ұсы­ныстары мен пік­і­р­лерін ескереді.

2015 жылдың 11 қараша­сында «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы  жаңадан қабылданды. Сонымен қатар, «Мем­­лекеттік қызмет туралы» Заң да жаңадан қабылданды.  Бұл жаңа заңдар бойынша бірқатар өзгерістер енгізілген. Мәселен, «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы»  ескі  Заңның 12-ші бабы бойынша – Мемлекеттiк мiндеттердi ат­қаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлгендерге сыбайлас жемқорлыққа жағ­дай туғызатын құқық бұзу­шы­лықтар және олар үшін жауап­кершілік мәселелері қарастырылған болса, осы бап­тағы көрсетілген шектеу­лер жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-ші бабында – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы­лықтар ретінде қарас­тырылған.  Мемлекеттік қыз­меттерді орын­дауда – шешімдер әзірлеу мен қа­был­дау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артық­шы­лық­тар көрсету, бері­луі заңда көзделген ақ­па­ратты беруден негізсіз бас тарту немесе толық емес ақпарат беру, оны кешіктіру, жеке және заңды тұлғалардан табыс етуі заңда көзделмеген ақпаратты талап ету сияқты  фактілер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы­лықтар санатына жат­қы­зыл­ған. Яғни, бұл арада сол жасалған теріс әрекеттер үшін жауап­кер­ші­лік­тің нақ­ты­лан­ғанын көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда кез келген өр­ке­ниетті қоғам үшін сыбай­лас жем­­қорлықпен күрес ең өзекті мәсе­­лелердің бірі болып отыр. Сондықтан сыбайлас жем­қор­лық­пен кү­ресу барлық  Қазақ­стан  аза­мат­та­рының адал борышы деп білу маңызды.

Д.СЕЙІТҚАЛИЕВ,

Қызылорда қалалық 

әділет басқармасының 

бас маманы.

АҚПАРАТ 16 қазан 2017 г. 906 0