« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға мүдделі тұлға жер телімі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) өтініш береді. Онда жер телімін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшерi, орналасқан жерi, сұралатын пайдалану құқығы мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi.
ҚР азаматтары өтiнiшке жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ал оралмандар – оралман куәлігінің көшірмесін қоса береді. Өтiнiшті қараудың жалпы мерзімі өтініш түскен күннен бастап 2 айды құрайды. Көрсетілген мерзімге дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау, келісу, жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді. Ол 3 жұмыс күні ішінде бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негізінде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп, сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға түседі.
Жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды. Сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі материалдарды жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар жер комиссиясына көрсетілген ұсынысты дайындағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде береді. Ұсыныс комиссияға түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады. Қорытынды дайындау кезінде ҚР азаматтарында және оралмандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет тарапынан құқық берілген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган комиссияға береді. Егер комиссия бөліп берілетін алаңдардың болмауына байланысты сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігінің болмауы туралы қорытынды шығарған жағдайда, өтініш арнайы есепке (кезекке) алынады. Комиссияның оң шешімінің бір данасын түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды. Дайындалған және келісілген жерге орналастыру жобасын тиісті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар өтініш беруші тапсырған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бекітуі тиіс.
Әкімнің уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі комиссияның оң қорытындысы негізінде тиісті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тиісті шешімі көшірмесін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолдайды. Ал жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушімен шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады. Шарттарды жергілікті атқарушы орган айқындап, жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетеді. Егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесі дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі оны тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледі.
Жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу өтініш берушінің жүгінуі негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын (жер актісін) дайындау және беру алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы қажет.
Оның шекараларын белгiлеу жөнiндегi жұмыстар және жер учаскесiне сәйкестендіру құжатын дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлетін тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматына бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында берілген жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісі, осы жер учаскесін жеке меншікке беруге негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу тәртібін назарларыңызға ұсына келе, аталған мақсаттарға жер телімдерін бөлу жергілікті әкімдіктер мен уәкілетті органдар тарапынан жүргізілетіндігін білдіре отырып, кезектен тыс жер алып беремін деген тұлғалардан (алаяқтардан) сақ болуларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысының
жер қатынастары
басқармасы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |