ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін берді. Онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде саланы жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылды.

Еліміздің құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөнінде өткізілген кеңесте Президент "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөнінде мәні зор мәселе көтерген еді. Солардың қатарында, қыл­мыстық процесте азаматтардың құқын қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту туралы атап өткен болатын.

Елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіру ойда­ғыдай жүргізіліп, соған сәйкес сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жаңа Қыл­мыс­тық және Қылмыстық-процестік кодекстері қабылдануымен ұлттық құқық жүйесі халықаралық стан­дарт­тарға ұштастырылып, қылмыстық құқық саласының дамуына үлкен қадам жасалды. Тергеу судьясы, процестік келісім, айғақтарды сақтау, қылмыстық теріс қылық, т.б. заманауи жаңа институттар мен новеллалар күнделікті ұғымдарға айналды. Сот төрелігін атқару үш буынды жүйеге көшіп, сот сатылары оңтайландырылды. Жалпы, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары сот-құқықтық реформасының жаңа сатысына бастама берді.

 

А.СҰЛТАНБЕКОВ,

Қызылорда қаласының 

№2 сотының судьясы.

 

АҚПАРАТ 10 қазан 2017 г. 526 0