« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті тұлғаларының заңдылық пен құқық тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күресті тұрақты әрі дәйекті қамтамасыз етуіне обьективті түрде байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді. Онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған болатын.
Қазақстанның құқын қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөнінде өткізілген кеңесте Президент "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөнінде мәні зор мәселе көтерген еді. Солардың қатарында, қылмыстық процесте азаматтардың құқын қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңталайдандыру, қылмыстық процестегі жарыспалылықты, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту туралы атап өткен болатын.
Елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіру ойдағыдай жүргізіліп, соған сәйкес сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері қабылдануымен ұлттық құқық жүйесі халықаралық стандарттарға ұштастырылып, қылмыстық құқық саласының дамуына үлкен қадам жасалды. Тергеу судьясы, процестік келісім, айғақтарды сақтау, қылмыстық теріс қылық, т.б. заманауи жаңа институттар мен новеллалар күнделікті ұғымдарға айналды. Сот төрелігін атқару үш буынды жүйеге көшіп, сот сатылары оңтайландырылды. Жалпы, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары сот-құқықтық реформасының жаңа сатысына бастама берді.
Қызылорда қаласының №2 сотының
судьясы А.СҰЛТАНБЕКОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |