ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ҰЖЫМЫ YЛЕСІН ҚОСАДЫ

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ҰЖЫМЫ YЛЕСІН ҚОСАДЫКеше облыстық телекоммуникация дирекциясында «Megalіne» бастауыш партия ұйымы Елбасы Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Шараға қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев, облыстық  «Нұр Отан» партиясының қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Қаныбек Әбдуов қатысты.
«Елбасының «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы қазақстандықтар үшін үлкен бастама болып отыр. Бұл құжатта еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту секілді ауқымды жұмыстардың қарқынды дамуының басты бағыттары көрсетілген болса, Елбасы осы жолда атқарылуға тиіс шаруалардың мәнісін айқындап берді. Әсіресе, екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеудің және ашудың негізін салуымыз керек деген болатын. Осы мақсатта  біздер жұмыс жасайтын боламыз. Қазіргі күні біздің салада бірнеше бағдарлама жүзеге асатын болса, солардың бірі «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» болып табылады. Бұл тұрғыда жоғары жылдамдықты интернетке облыс бойынша 245 мектеп қосылған. Ал, электронды білім беру жүйесінің жобасы негізінде 4-10 Мбит/с жылдамдықпен өткен жылы 52 білім ошағы қосылған. Биыл 65 мектепті қосу жобаланып отыр. Алдағы уақытта Жолдауда айтылған мәселелердің орындалуына біздің мекеме де өз үлесін қосатын болады», - деді облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы.
Мұнан соң жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясының өкілдері сөз алып, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Жолдаудың өзге де басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері оның ішінде жастар өз ойларын айтып, ел игілігіне істелетін әрбір істе үнемі қолдау көрсетіп, өздерінің күш-жігерлерін аянып қалмайтындықтарын жеткізді.
Мейрамгүл ОТАРАЛЫ.
АҚПАРАТ 04 ақпан 2014 г. 837 0