« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан экономикасын реформалаудың түпкі мақсаты – отандық өнім сапасын қамтамасыз ету механизмін кұру. Сапа менеджментінің қазіргі замандағы формасы нарық жағдайында сапаны басқару жүйелері болып табылады. Бұл жүйелер табыстарға сапа деңгейі тұтынушылар талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығару арқылы қол жеткізуге бағытталған.
Сапа менеджменті теориясының негізін қалаушылардың бірі Э.Деминг өнімнің сапасы төмен болуының негізгі себептерін арнаулы (4%) және жүйелік (96%) деп бөлуге болады. Осының негізінде ол өнімнің сапасын тек жүйелік себептерді жою арқасында көтеруге болатындығы туралы қорытынды шығарған. Сапа проблемасын шешуді тек арнаулы сапа менеджменті жүйелері қамтамасыз ете алады деп көрсеткен.
Әлемдік сауда нарығында үнемі ұлғайып келе жатқан бәсекелестік күресі кәсіпорындарды өнімнің сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді. Бұл жерде технологиялық аспектіге экономикалық аспектте қосылады және сапа жүйелерінде «сапаға жұмсалған шығындар» категориясының маңызы ұлғаяды.
Бүгінде дүние жүзінде мененджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ISO 9000 ISO 14000 (экологиялық менеджмент), OHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ISO 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсізідігі), SА 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.
Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар соған қоса біртіндеп басқа менеждменттерді енгізу арқылы немесе барлық менеджмент жүйелерін кешенді түрде біріктіре отырып толықтай интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) құруды жүзеге асыруына болады. Интеграцияланған менеджмент жүйесін құру ИСО 9000 стандарттар топтамасы қағидаларына негізделуі тиіс. Яғни, интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізудің базалық қағидалары ретінде үрдістік және жүйелік тәсіл, басшының озықтығы, қызметкерлерді тарту (жұмылдыру) принциптерін негізге алу қажет. Менеджмент саласы бойынша Еуропа мен Америка компанияларының тәжірибелеріне қарағанда компания өзінің менеджмент жүйесіне ИСО 9001 стандартын біріктіре отырып ұйымның барлық іс қызметін қамтыған менеджмент жүйесін құра алады. Бұл дегеніміз, шын мәнінде интеграцияланған менеджмент жүйесінің негізі болып табылатын жаппай сапа басқару қағидасын жүзеге асыру деген сөз (TQM- Total Quality Management).
TQM-ның ИСО 9000 стандартттар топтпмасынан негізгі айырмашылығы – оның сапаны арттыруда белгілі бір деңгейге жеткен кәсіпорын үшін бейімделгендігінде. Ал ИСО 9000 стандарттар топтамасының мақсаты сапаны қамтамасыз етудің алғашқы кезеңдерін (деңгейін) бағындыру болып табылады. Сапаны жаппай басқару кез келген мекемені басқарудың жаңа тәсілі. Ол кәсіпорынның барлық қызметкерлерін қатыстыра отырып, тұтынушы талаптарын қанағаттандыру арқылы ұйым қызметкерлері мен қоғамға тұтастай пайда келтіруге бағытталған. Интеграцияланған менеджмент жүйелерін енгізу кезінде жүйеге қамтылған әрбір стандарт мазмұндық және тәжірибелік жетістігімен ерекшеленетіндігін ескеру қажет. Сондықтан олардың талаптарын орындай отырып, кәсіпорын өз бағдарламасының кем дегенде ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алады.
Интеграцияланған менеджмент жүйесінің келесі артықшылығы бар, егер кәсіпорын өндіруші болатын болса, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарын толықтай орындай алса онда ол кәсіпорын әлеуетті тапсырыс беруші үшін неғұрлым беделді де тартымды болып саналады. Себебі, ол кәсіпорынға сапа менеджменті стандарттарымен қоса экологиялық стандарттармен өндіріс қауіпсіздігінің стандарттары енгізілген. Бұл дегеніміз, кәсіпорын ұжымының қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін айғақтайтын көрініс болып табылады. Аталған менеджмент жүйесін енгізу нәтижесінде көзделген мақсаттар жүзеге асуы тиіс.
Менеджмент жүйесін енгізіп, оның нәтижелігін арттыруда басшылықтың ролі аса жоғары болып табылады. Білікті басшы кәсіпорынның болашақ межесін айқын болжай отырып, нақты идеяларды жоспарлау арқылы олардың орындалуына ұжымның барлық мүшелерін тартып, жұмылдыра алады. Бұл жерде әсіресе, адами фактордың маңыздылығына баса назар аударылуы тиіс. Егер басшы адам өз қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлмесе онда оларға сапаны жақсарту жөнінен қатаң талап қоя алмайды. Қойған күнде де оның орындалуы ойдағыдай болмайды. Себебі, ұжым ішінде көңіл күйі орташа, жұмыс нәтижесіне деген қызығушылығы мен ынта жігері жеткіліксіз жұмысшы, қызметкердің жұмыс өнімділігі де мардымды болмайды.
Қазіргі кезде сапа жүйесі сертификаттау мен енгізу кәсіпорынның тиімділігі мен экономикалык тұрактылығының кепілі, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру әдісі, тұтынушылырдың сенімділігін алу әдісі болып табылады.
Ел экономикасының нарығын реформалау бойынша халықаралық стандарттқа сәйкес сапа жүйесін сертификаттау көптеген кәсіпорындар үшін қазіргі уақытта маңызды болып табылады. Облыс бойынша 2017 жылдың І - жарты жылдығындағы көрсеткішке сәйкес 449 кәсіпорындарында СМЖ енгізіліп, тиімді жұмыс жасауда.
Сапа жүйесін кәсіпорынға енгізу нәтижесінде қызметкерлердің жұмыс істеу тәртібі артады, шығындар азаяды, еңбек сапасы жақсарады, процестерді басқару жоғарлайды, сапаны қамтамасыз ету шығындары күрт төмендейді, кәсіпорынның нарықтағы жағдайы берік болады, өндіріс нәтижесінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.
Ж.Шаймерденова,
РМК «ҚазСтИн»
Қызылорда филиалыныңмаманы,
т.ғ.магистрі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |