ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ

  Қант диабеті – бұл инсулиннің жетіспеушілігінен пайда болатын көмірсулар алмасуының, сондай-ақ заттек алмасуының бұзылуымен сипатталатын эндокриндік жүйе ауруы.

Диабеттің себептері:

1. Егер ата-анасының біреуі қант диабетімен ауыратын болса, онда баласының осы аурумен ауыру мүмкіндігі бар.

2. Семіздіктің денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінін сезіне отырып, онымен барынша күресетін болса, бұл факторды басқаруға болады.

3. Панкреатит, ұйқы безі обыры, басқа ішкі секреция бездерінің аурулары.

4. Қызамық, желшешек, эпидемиялық паротит, тұмау – мұның бәрі ауруға себепші болатын шаппалы механизм іспеттес.

5. Бейім фактор ретінде жүйке күйзелісі.

6. Жас ұлғайған сайын қант диабетіне шалдығу мүмкіндігі арта түседі. Адам әрбір он жас қосқан сайын диабетпен ауру мүмкіндігі екі есеге артады деген пікір бар.

Қант диабетінің

алдын алу жолдары:

1.  Суды көбірек ішіңіз. Диабетті сонымен бірге несеп шаршатушы деп те атайды. Оның шөлдетіп кептіру қауіпі болғандықтан, күн сайын 2 литрден кем емес су ішіңіз, егер ауырып қалсаңыз немесе глюкоза деңгейі көтерілсе, одан да көп ішіңіз.

2. Майы аз ақуыздың көзін тандаңыз, мысалы: майсыз ет, балық, құс, майсыз сүт тағамдары.

3. Көмірсуларды мөлшермен пайдалану.

4. Диетологқа барып жолығыңыз. Жеке бас диетасы тек диабетті бақылауда ғана емес, басқа да медициналық мәселелерді шешуде көмектеседі. Мысалы, холестерин деңгейінің көтерілуі. Менюді дұрыс құру үшін, жас шамасы, дене массасын, жұмыс уақытын, адамның өмір салтын, қабылдайтын дәрілерін және жеке бас дәмін санау керек.

5. Диабетпен ауыратын адам күн сайын кешке жатар алдында аяғын жуып, кептіріп, өкшесін сүртіп, жарықтардан сақтау үшін ылғалдаушы маймен табанын сүртеді. Тырнақ өсінідісінен, қажаудан сақтану үшін, аяқ киімді қатаң таңдаңыз.

6. Көз дәрігерінде жыл сайын тексеріліңіз. Бұл көздің  көруінің төмендеуінің алдын алады.

Зәуреш МАХАМБЕТОВА,

облыстық салауатты өмір 

салтын қалыптастыру орталығының маманы.

АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2017 г. 931 0