Террористік актілердің алдын алу маңызды

Әлемнің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани,жағдайына ықпал етіп отырғантеррористік актілер – ХХІ ғасырдың өзекті мәселесінің бірі. Бүгінгі таңда, терроризм проблемасыхалықаралық қатынастарсаласымен байланысқан өткір жаһандық проблемаға айналып отыр. Себебі, терроризм жеке мемлекеттермен қоса, бүкіл әлемдік қауымдастықтарға да қауіп төндіруде.

Мамандардың айтуы бойынша, террорлық әрекеттерге баруға экономикалық жетіспеушілік, әлеуметтік теңсіздік, тәлім – тәрбиенің қалыптаспауы, қоршаған ортаның әсері, биліктің әлсіздігі, сыртқы күштердің әсері сынды факторлар ықпал етеді. Аталған мәселе күллі әлемді алаңдатып отырған өткір проблема болғандықтан, еліміз бұл жағдайдың ықтимал қатері мен сақтық шараларын қатаң жүргізуде.  Оның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңын, сонымен қатар, Елбасы тапсырмасы бойынша Діни экстремизм және терроризммен күрес жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама  әзірленгендігін атауға болады.Бұл бағдарлама негізінде әрбір мекеме, оқу орындары жоспарлы өз жұмыстарын жүргізуде.

Осыған байланысты, Қызылорда облыстық Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында террористік қорғау және экстремизм идеяларын қабылдамауды қалыптастыруға арналған іс-шаралар  жоспары құрылып,  екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріншісі: мектеп-интернат қызметкерлерін террористік актілерін болдырмау жөніндегіжадынамасымен таныстыру, мектепте күзетпен, қазіргі заманғы қауіп дабылы мен бейнебақылау жүйесінің өз деңгейінде жүргізілуін қамтамасыз ету, мектепте терроризмге қарсы операция жағдайларында  азаматтардың өзін-өзі ұстауына арналған әдістемелік құралдарлы басшылыққа алып жұмыс жүргізу, обьектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамысыз ету болса, екіншісі:жас ұрпақты сапалы тәрбиелеу, саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру және педагогика-психологиялық бағыттағы шаралар.

Жоспарлы жұмыс нәтижесінде мектеп-интернат ғимаратында 10-нан аса бейнебақылау орнатылып, күзетшілер арнайы оқу-жаттығу курстарынан өткізілді. Қызметкерлер террористік актілерді болдырмау жөніндегі жадынамамен, ҚР ІІМ 2015 жылғы 8 шілдесінде №582 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен таныстырылды.

Екінші бағыт бойынша оқушылармен «Бірлігі жарасқан Қазақ елі!» жобасы бойынша ашық сабақтар сериясы жүргізілді. Атап айтар болсақ, 7-10 сынып оқушылары арасында «Терроризм және кепілдікке алу кезінде өзін қалай ұстау керек?» тақырыбында  слайдты көрсетілім,  «Терроризм қалай пайда болады және оның алдын алу бағыттары» тақырыбында лекция сабақтары өткізілді. Сонымен қатар, оқушылардан «Терроризм туралы не білеміз?» тақырыбында сауалнама алынып, оқушы біліміне зерделеу жұмысы жүргізілді. «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы оқушыларға ақпараттық мәліметтер таныстырылды. Бұл жұмыстар оқушы бойында саяси-құқықтық, рухани білімін қалыптастыруда өз әсерін тигізді.

Қорыта айтқанда, экстремизм мен терроризмнің алдын алу - елдің міндеті. Ал, білім беру ұйымдарының алдындағы міндет – оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақты салауатты, саналы, зияткер тұлға ретінде қалыптастыру.

Ләззат Әубәкірова,

Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды 

балаларға арналған мектеп-интернатының 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

АҚПАРАТ 07 қыркүйек 2017 г. 1 110 0