Шалғайдағы Қарашалаң ауылының тұрғындары зор қуанышқа бөленді. Осы күні заманауи үлгідегі №75 орта мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне берілді. Бұған дейін аталмыш ауылдың балалары өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған ескі мектепте білім алып келген еді. Бұл дала перзенттері қатты қинайтын. Енді түйінді түйткіл тарқатылды. Жаңа білім ордасының іске қосылуы тұрғындар үшін ерекше сый болды. Қос қабатты еңселі мектеп ғимаратында мәжіліс залы, оқу сыныптары, спорт залы, асхана, мультимедиялық кабинеттер бар. Құрылыстың бас мердігері «Гемокасес» ЖШС. Мектеп ғимараты 100 орынға есептелген. Нақты кезеңде шәкірттерге 31 мұғалім дәріс береді. Мектептің ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов, Арал ауданының әкімі Мархабат Жайымбетов баршаны қуанышты сәтпен құттықтап, ұстаздар қауымының жұмысына сәттілік тіледі.