
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үшінші бағыты бойынша жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аудару көзделген. Бағдарламаға сәйкес жұмыс күші көп өңір қатарына Қызылорда облысы енгізіліп, бүгінгі күнге бірқатар жұмыстар жүргізіліп отыр.
2017 жылдың 10-11 шілде күндері Қызылорда облысына Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс берушілер делегациясы арнайы іссапармен шақырылып, 800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.
Осыған орай, Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарында бос жұмыс жәрмеңкелері өткізілді. Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша 1200-ге жуық азаматтар жәрмеңкеге қатысып, 341 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.
Атқарылған жұмыстардың нәти¬же¬сінде Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданына 4 отбасы (Башкенова Жадыра Мажитқызы, Жаманбалаева Гүлшат Сейқалиқызы, Жақсылықова Айгерім Нұрлыбекқызы, Ерімбетұлы Самат) көшірілетін болып, осы өңірлердің жұмыс берушілерімен келісімге келді.
Сонымен қатар, шілде айының 18-21 шілдеде Қостанай облысының жұмыс беруші делегациялары арнайы іссапармен шақырылып, 433-ке жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Осы ретте, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда «Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары» тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 605 жұмыссыз қатысты. Соның ішінде 50 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді.
Қостанай облысынан түскен бос жұмыс орындарының көпшілігін, яғни 76 пайы¬¬зын ауыл шаруашылығына қатысты мамандықтарға (мал дәрігері, механизатор, агроном, тракторшы, комбайнер, малшы, бақташы және т.б) деген сұраныстың басымдығы байқалады.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беру қамтамасыз етіледі.
1) Шығу өңірлерінен қоныстану өңірлеріне көшуге арналған субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш (79415 т.) мөлшерінде бір рет беріледі.
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және ком-муналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар – ауылдық жерлерге қоныс аударушылар үшін он екі ай бойы ай сайын:
2.1) бір адам үшін – он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш (34035 т.) мөл-шерінде;
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – он сегіз еселен-ген айлық есептік көрсеткіш (40842 т.) мөл¬шерінде;
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – жиырма бір еселенген айлық есептік көрсеткіш (47649 т.) мөлшерінде төленеді.
Ағымдағы жылдың 24-25 тамызында Шығыс Қазақстан және Павлодар өңірлері өкілдерінің біздің облысымызға келуі жоспарланып шақыру хаттары жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.