МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ҮДЕРІСІ

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарын қоса «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде өтініш жолдауы болып табылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің электрондық үкімет порталы арқылы үлесін арттыру мақсатында басқарма тарапынан жұмыс берушілерге портал арқылы, электронды цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұраныс пен құжаттарды «жеке кабинетте» отырып жолдау арқылы нәтижесін алу тиімді  екендігін түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Нәтижесінде 2017 жылдың 6 айында 65 заңды тұлғадан рұқсат алуға түскен өтініштердің  54-і «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек¬қоры» ақпараттық жүйесі арқылы, 11-і қағаз түрінде қабылданып 101 рұқсат берілді. Бюджетке 44,1 млн теңге сомасында салық алымы түсті.
Ақпарат ретінде:
Қазіргі таңда облысқа 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінген 559 бірлік квота шегінде 209 жоғары білікті шетел мамандары рұқсатпен жұмыс жасауда.
АҚПАРАТ 12 тамыз 2017 г. 422 0