МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ АУЛА КЛУБЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ АУЛА КЛУБЫБегім ана көшесінің бойынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тағы да бір аула клубы ашылды.
Аула клубының салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Лариса Кәрібаева, бас демеуші  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясынан еңбек ресурстары жөніндегі басшысы София Даминова және әртүрлі өзге ұйымдардың бірқатар басшылары қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. 
Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласындағы әртүрлі компаниялардың демеушілігі арқасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеті аула клубы ашылған. Олар облыс орталығының аудандары мен қала маңындағы кенттерде орналасқан.
Қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Дүйсен Бекеновтің айтуынша, мұндай клубтар айрықша қажеттілікті сезінетін азаматтарды әлеуметтендіру және олардың шығармашылығын дамыту үшін құрылған.
«Мүгедектерге зейінді ықыласпен көңіл бөлу – өркениетті қоғамның көрсеткіші, – дейді Д. Бекенов. – Осы ретте «ПҚҚР» АҚ мұнай компаниясының мұндай клубтарға жәрдемдесіп жатқаны көңілдегі қуаныш сезімін еселей түседі. Компания клубқа жиһаз жабдықтарын, DVD ойнатқышы бар үлкен теледидар тарту етумен қатар, үй-жайдың жалдау ақысын төлеуге де көмек көрсетті».
«Ұшқын» мүгедектердің құқықтарын қорғау және қолдау жөніндегі ҮЕҰ төрағасы Бақыт Жұмашев атап өткендей, тұрғындардың көпшілігі мұндай аула клубтарының ашылғаны туралы көбіне біле бермейді. Сондықтан, қоғам волонтерларды жұмысқа тартуды қолға алып отыр. Ашылған клубтардың барлығы аптасына үш рет жұмыс істейді. Келешекте клуб келушілер санының көбеюіне қарай тұрақты жұмыс жасайтын болады. 
– Клубта барлығы жақсы ойластырылған. Мұнда дойбы, домино ойнауға, кітап оқуға, интернетке кіріп, қажетті мәлімет алуға болады, – деп ойымен бөліседі бала жастан мүгедек Бақтияр Бекниязов. 
Нұрлыбай Ермұрат, 3-топ мүгедегі. Өндірісте жарақат алу салдарынан қолынан айырылған. Барлық 7 аула клубы ашылған сәттен бері ол өзінің жолдасы Бақтияр Бекниязовпен бірге қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. 
Клубтар өз жұмысын енді ғана бастады, алдағы уақытта үстел ойындарынан бөлек, көркемөнер және спорт үйірмелері ашылады деген үміттеміз.
Биыл қалалық бюджеттен жаңа аула клубтарын ашуға 12 миллион теңгеден астам қаржы бөлінетін болды.

Лилия МАЛЬЦЕВА.
АҚПАРАТ 25 қаңтар 2014 г. 1 282 0