ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ – СЫРҒАНАҚ

Қазалы қаласында тартымды шара өткізілді. Білім бөлімі және №16 мектеп ұжымы ұйымдастырған эстафеталық жарысқа жұртшылық көп жиналды. Баршаға әсіресе ат-шанамен жеткен қыс кейіпкерлері, сырнайға қосылып ән шырқаған өнерпаздар жылы әсер қалдырды. Сондай-ақ, мектеп ұжымы әзірлеген «Орыс жәрмеңкесі» аясында тегін таратылған тәтті тоқаштар, ыстық шай, түрлі сусындарға көпшілік дән риза болды. 
Жарысқа қатысушыларды ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғабит Бәймішев құттықтады. Мұнан соң жарыс басталды. Сайыс қорытындысында №216 орта мектеп командасы жеңімпаз атанды. Ал, №16 мектеп командасы екінші, №204, 165 мектеп спортшылары үшінші орындарды бөлісті. Қысқы  эстафеталық жарысты аудан әкімі Бақыт Жаханов бастаған ел ағалары тамашалады.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
АҚПАРАТ 25 қаңтар 2014 г. 1 421 0