Судың дәмін білесіз бе?

Адам 5 бірдей дәм сезе алады: қышқыл, ащы, тәтті, тұзды, умами (ақуыз дәмі). Осы тізімге алтыншы қылып "судың дәмін" қосушы америкалық Калифорния технологиялық университетінің ғалымдары.

Сонымен, сүтқоректілерде судың дәмін сезе алатын клеткалар бары қалай анықталғаны немесе денеміз суға қандай реакция жасайтындығына қысқаша түсіндірме!

Шөлдеу дегеніміз - миымыздағы арнайы нейрондар денемізде су мөлшері азайып бара жатқанда сигнал беру арқылы, бізге су іздетіп қоятындығы. Яғни, ғалымдар ми сигнал беріп адам суды іше бастағанда-ақ әлгі сигнал толық аяқталатынын байқапты. Осыдан кейін, ми судың ішкендігін қайдан білетіндігін зерттеу, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сөйтсек, адам суды іше бастағанда оның дәмін сезеді және оны ми да түсініп, дереу су сұрауын доғарады екен. Яғни, судың дәмі бар және біз оны сеземіз.
АҚПАРАТ 07 маусым 2017 г. 3 384 0