Бұл жөнінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының қалаға қарасты елді мекендерде жүзеге асырылу барысы баяндалған баспасөз мәслихатында Белкөл кентінің әкімі Ақылбек Арыстанов хабарлады.
Әкімнің айтуынша, кентте 25 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Өткен жылы 4 жеке кәсіпкерлік нысаны ашылған. Мұнан өзге, кентте жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын 800 тонналық қоймасы бар газбен толықтыру станциясының терминал құрылысы салынуда. Нәтижесінде жаңадан 20 жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Қызылорда-Шиелі автожолының бойынан ауыр жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсететін нысан құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны – 210 млн. теңге. Құрылыс іске қосылғанда 17 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Е.АЙДАР.