«НҰР ОТАННЫҢ» ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Доктринасының жобасын талқылау жөнінде мәжіліс болып өтті.
Мәжіліске «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев қатысты. 
Ұжым жиналысын департамент басшысы Н.Пірімов ашып, еліміздегі жетекші «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, мемлекетімізді әлемдегі алдыңғы елдердің қатарына жеткізу бағытында дәйекті саясат жүргізіп келе жатқанын атап көрсетті. Соның бір айқын дәлелі партияның қоғамдық талқылауға ұсынған Доктрина жобасы болып табылады. 
Жиналыста М.Баекеев қызметкерлерге партия Доктринасының жобасы жөнінде толық мағлұмат берді.
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.

АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 289 0