ЖАҢА ЖЫЛ ТАҒЫ ДА ЖАРЫЛҚАУЫМЕН КЕЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛ ТАҒЫ ДА ЖАРЫЛҚАУЫМЕН КЕЛДІЖаңа жыл қарсаңында «Шапағат» мүгедек балаларға арналған қазалылық оңалту орталығында жаңажылдық шырша мейрамы болып өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша балалар мекемесінің тәрбиеленуші жеткіншектерін ең бірінші болып «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері құттықтады. Мұнайшылар қауымының атынан балаларға тәтті сыйлықтар мен жұмсақ ойыншықтар тарту етілді. 
«Шапағат» орталығында мерекелер әрдайым ұйымшылдықпен әрі көңілді аталып өтіледі. Дегенмен, балаларға арналған шыршаны мерекелеу ең сүйікті іс-шаралардың бірі болып табылады.  Мұнда олар үшін сүйікті мультфильмдер мен ертегілердің қаһармандары ойнайтын нағыз жаңажылдық кеш ұйымдастырылды. Балалар да бар өнерін салып – жаңа әндер мен тақпақтарды жаттап алған. Балақайлардың қуанышында шек болған жоқ. 
– Шапағаттықтар әр уақытта да «ПетроҚазақстан» компаниясының мұнайшыларын тағатсыздана күтіп жүреді, – дейді орталықтың психологы Шынар Есбергенова. – Балалар іс-шараның өтуіне айрықша көңіл күймен дайындалады. Әдеттегі балдырғандар секілді олар әр жаңа жыл сайын Аяз Ата мен Ақшақардан өзгеше ғажайыпты – сауығып кетуді күтеді.  Сол себепті осындағы тәрбиеленушілер үшін Жаңа жыл – көптен аңсап жетер ерекше мейрам. 
 «Шапағат» орталығында бүгінгі таңда медициналық-психологиялық және  педагогтық көмекті мүмкіндігі шектеулі 40-тан астам бала пайдалануда. Мекемеде балалардың сауығып кетуі үшін іс жүзінде барлық жағдай жасалған.  Бұл игі істе  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының еңбегі зор, ол алғашқы күндерден бастап-ақ «Шапағаттың» бүлдіршіндерін қамқорлығына алып келеді.  
Сырқат балалар білікті жәрдемге ие болуда. Он тоғыз жыл ішіндегі іс-қызметтің ең басты нәтижесі мынау болып отыр – бірнеше ондаған балалар өз сырқаттарын жеңіп шығып, әдеттегі оқу парталарына отыруға мүмкіндік алды.  
– Біздер барлық ересек кісілер балалар үшін бір ғана нәрсені, сырқаттарынан айығып кетуді тілейміз, – дейді ата-ана Айдын Қонарбаева. – Бұл жолда сіңіріп келе жатқан еңбектері үшін «Шапағат» тәрбиеленушілері ата-аналарының атынан орталықтың тәрбиешілері мен ұстаздарына, әсіресе мекеменің басты қамқоршыларына:  «ПҚҚР» АҚ-ның барлық мұнайшыларына алғыс айтсам деймін. Жаңа жылда оларға тек өсіп-өркендеу, отбастарына игілік-береке және барлық бастамаларына табыстар тілеймін!  
Өтіп бара жатқан жыл «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы үшін жемісті жыл болды. Оңалту орталығы жаңа ғимаратты иеленді, балалардың осында тұруы үшін жағдайлар жақсара түсті, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары үшін тегін көрсетілетін қызметтерді ұсынушы бірнеше қызметтер бірден ашылды. Қажырлы әрі тынбай еткен еңбегі үшін орталық басшысы Шынаркүл Жеңсікбаева «Алтын жүрек» Ұлттық сыйлығына ие болды.
***
Тамаша сыйларға жаңажылдық мерекелерде «Балдәурен» қоғамдық қоры балалар мекемесінің тәрбиеленушілері де ие болды. Оларға ойыншықтар мен тәттілерді Жаңа жыл қарсаңында қамқоршылары – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның мұнайшылары  ұсынған еді.  
«Балдәурен» қоғамдық қорында Жаңақорған ауданындағы 50-ге жуық жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тәрбиеленуде. Мекеме көптеген жылдар бойы «ПҚҚР» АҚ-ның қамқорлығына алынған. Бұл жерде балалар үшін үш рет тамақтану жағдайы ұйымдастырылған, жайғасып тұруға ыңғайлы бөлмелер, ойнайтын және басқа да үй-жайлар жан жадыратқандай, бұлар өз кезегінде қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымы «ПҚҚР» АҚ үшін үстірт мәселе еместігін атап өту керек. Мұнайшылар әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын бұлжытпай ұстауда, олардың ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, қызметкерлерге арналған көптеген әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, салықтарды төлеу және басқа да шаралар бар.  Аймақтағы ең танымал мұнай компаниясы әрқашан экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағын да қамтитын салаларға басым көңіл бөле отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылып келеді.  
Өздерінің қамқоршыларын, жақындарын және салтанат қонақтарын «Балдәурен» балдырғандары әсем етіп безендірілген жаңажылдық шыршаның жанында сыңғырлаған әуезді әндерімен және өзінше ырғаққа толы билерімен қарсы алды. 
Мұнайшылар балаларға өз сыйлықтарын – жұмсақ ойыншықтарды және мол-мол тәттілерді ұсынды.  
– Балалардың, ата-аналардың және тәрбиеленушілердің атынан бүлдіршін сәбилерге көңіл бөліп, қамқорлық танытқандары үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның басшылығы мен ұжымына шын жүректен алғыс айтамын, – деп Жаңа жыл кешінде «Балдәурен» қорының басшысы Айсара Нәлібаева ыстық лебізін арнады. 
Әсет Жайлаубаев.

АҚПАРАТ 11 қаңтар 2014 г. 1 129 0