– Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда Қор жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?
– Қормен шарт жасаған кезде медициналық ұйым өзіне материал¬дық (дәрілер, азық-түлік және т.б.) және еңбек ресурстарының бар болуын міндет қылады. Қор арқылы сақтандырылған стационарлық көмекке төлем толықтай өтеледі. Пациент дәрілерді өз қаражатынан сатып алмауға тиіс. Егер қандай да бір дәрі-дәрмек болмай қалса, дәрігер немесе медициналық ұйым оның алмастырушысын қамта¬масыз етуге тиіс.
Егер, сонда да, дәрігер препараттарды өз бетінше сатып алуды ұсынса, онда емхананың басшылығына немесе Қорға түсіндірме және жағдайды шешу үшін жүгінуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады (айыппұлдар, қаржыландыруды қысқарту).
– Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме?
– Жоқ, зейнеткерлер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден босатылады.
– Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгін¬бесем, онда салымдар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?
– Жоқ.
Медициналық сақтандыру жүйе¬сі ортақ болып табылады және қаты-сушылардың дербестендірілген есебін және аурудың қатері келгенде жүйені қатысушылары арасында қаражатты қайта бөлуді қарастырады.
– Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау керек?
– Бұл процедура, МӘМС меди¬цина¬лық қызметтер пакетіне кіреді. Сондықтан процедураны, бекітілген тәртіпте көрсеті¬лімдер бойынша өтуге болады.
– Мысалы, егер адам апатқа ұшы¬раса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жарақаттанушыда медициналық сақ¬тан¬дыру бар ма екендігін анықтау керек пе?
– Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘМС-ке қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.