– Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?
– Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге бағытталады.
Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.
– Мен МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба?
– Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпия сөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы және т.б. туралы мәлімет орналасады.
– Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?
– Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. МӘСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі;
Көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі;
Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне);
Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық веб-сайтта және жеке БАҚ басылымдарда)
МӘСҚ-тың стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын МӘСҚ веб-сайтын жүргізу.
– Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?
– Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.
– МӘМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмайды ма?
– Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған емдеуге жатқызуға төлем болып табылады.
Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК-ға және МӘМС-ке кіретін қызметтерге «қосымша шартты төлемдер» ұсынылмауға тиіс.
Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
– Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құрал¬дарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анық¬тайтынын білгіміз келеді?
– Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдарға жұмсалған шығыстарды Қор өтемейді.
– Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақ¬тан¬дыру пакетіне кіреді ме? Иә болса, қашан?
– МӘМС жүйесінде медициналық көмек тізбесіне мыналар кіреді:
- шұғыл стоматологиялық көмек (қатты қақсау), балаларға және ересектерге: жансыздандыру, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлу, периостотомия, іріңдікті ашу;
- жоспарлы стоматологиялық көмек, балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялықтан және ортопедиялықтан басқа) маман¬ның жіберуі бойынша, оның ішінде жансыздандыру арқылы тісті жұлу, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу;
- ортодонтиялық жақ сүйек-беттің туа біткен патологиясы бар бала¬ларға көмек, тіс-жақ сүйек аномалиясын жоюға арналған аппаратты қолдану арқылы (ортодонтиялықтан пластина).