100 сұрақ – 100 жауап

– Жұмыс берушілер аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?
– Иә, жұмыс беруші салымдарды, оның ішінде жалақыны қоса алғанда жұмыскердің табысынан есептеледі және аударады.
– МӘМС жарналарды аудару есептелген жалақыдан немесе салық ұсталған (зейнет¬ақы; табыс) жалақыдан төленеді ме?
– Жарналарды аудару есептелген жалақыдан жүргізіледі.
– Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге бола ма?
Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге болады.
МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұсынылады. Бұл ретте жалғыз шарт медициналық ұйымның меди-циналық сақтандыру қорымен жасалған келісім¬шарты болып табылады.
– Егер қолданыстағы жүйе қалыпты жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтан-дырудың қажеті не?
– Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қажеттілігі бұрыннан айтылып келеді, керек жүйе. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бас¬тама болған негізгі проблемалардың арасында – денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы, денсаулық сақтау жүйенің қаржылық тұрақсыздығы және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігінің жеткіліксіз құрылымы.
Денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы салдарынан денсаулық сақтауды қорғауды қамтамасыз ету ауыртпалығын мемлекет көте¬реді, ал азаматтар денсаулығын сақтауға тұты¬ну¬шылық қатынаста ғана қарайтын болып кетті.  
Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше негізгі проблемаларды шешуге жағдайы жоқ:
1) Медициналық ұйымдар арасында па¬циент¬терді тартуға бәсекелестіктің болмауы.
Қолданыстағы жүйеде мемлекет медицина¬лық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең бөлуде жалғыз қызметтерді жеткізуші рөлін атқарып отыр.
Бұл ретте қаражатты тең бөлу практика жүзінде мынаған әкеп соқты, бір бейінді және бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар, олар көрсететін медициналық көмек¬тің сапасына қарамастан, бірдей қаржыландыру көлемін алады. Бұл, қымбат тұратын ауруларды емдеуді кеңейту есебінен көптеген медициналық ұйымдарда барынша көп ақшаны «тартып алу» процесін туындатады, ең басты көрсеткіш – көрсетілетін қызметтердің сапасы жоқ.
2) Ақы төлеуде теңестіру және бейресми төлемдердің өсуі
Өкінішке орай, дәрігердің тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына қарай барлық бір бейінді мамандар, жұмыс тәжірибелері  бірдей мамандар тең еңбекақы алады.
Осыған байланысты, қазір пациенттер таң¬даған көпке танылған дәрігерлер -жекеше құрылымдарға немесе жекеше кабинеттерге ауысуда, ол жерде сәйкесінше кәсіптік тәжірибесіне қарай ақша таба алады. Бұл өз ретінде халық үшін қосымша ауыртпалық болып келеді.
3) Әлеуметтік қамқорлықты сақтау
Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі халықтың басым көпшілігі олардың денсаулығы үшін мемлекет жауапты деп ойлайды. Практика жүзінде азаматтардың денсаулығының 20 пайыздан астамы медици¬наға тәуелді, қалғаны – өмір салты мен қоршаған ортаның, генетиканың және т.б. әсері болып табылады.
Осы  проблемалардың  барлығы жинақталып келіп қоғамдағы денсаулық сақтау жүйесінің  қазіргі кездегі сынға алынып отырған  негіз¬дердің бірі болып қалыптасып отыр.
Бұл жағдай енгізіліп отырған міндетті әлеу¬меттік медициналық сақтандыру жүйесі шең¬берінде көзделіп отырған медициналық көмекті қаржыландыру мен ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді талап етеді.

АҚПАРАТ 28 наурыз 2017 г. 7 394 0