– Жұмыс орнын ауыстырған ¬кезде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болса, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істейді ме?
– Ұсынылып отырған нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен қатар 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі (берешегі) сақталады.
– Жекеше зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің талдау тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді ме?
– Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер Қормен келісімшарт жасаған емхананың жолдамасы бойынша Сіз зертханаға жүгінсеңіз, зертхана қызметтері Сізге тегін болады.
– Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?
– Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған аударымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы, Қорда (немесе оның бөлімшелерінде) және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.
– Қай уақыттан бастап адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып есеп¬теледі – еңбек шартын жасаған кезден бас¬тап па, әлде жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезден бастап па?
– Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған кезден бастап.
– Ерікті медициналық сақтандыру сақ¬талады ма? МӘМС немесе ҚМС қызмет¬тері қайталанады ма?
– Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызмет түрлері ҚМС арқылы төленеді, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті кезеңдік қарап-тексерілу, санаторийлік-курорттық ем және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжым¬дық шарт негізінде) МӘМС пакетінде ҚМС қызметтерінде қайталанбайтын пакетті таңдай алады.
– Науқас емхананың емшара кабинетіне, емдеуші дәрігер тағайындаған емшараны орындау үшін шприцтерді өзі сатып алып, әкелуге міндетті ме?
– Жоқ, Сіз ТМККК және МӘМС шеңбе¬рінде медициналық көмек алсаңыз, олар медициналық ұйымдарда болуға тиіс.
– Мысалы, адам үшін мемлекет жарна¬ларды төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұ¬мыспен қамтыған халық санатына көшсе. Үзілістер немесе екі рет сақтандыру болмайды ма?
– Екі рет сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз статусыңызды ауыстырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыс¬сыз болып, одан кейін статусыңызды ауыс¬тырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.