БАҒАСЫНА ҚАРАЙ САПАСЫ

БАҒАСЫНА ҚАРАЙ САПАСЫЖаңа жылдан бастап темір жолмен жүріп-тұру бағасы жеті пайызға қымбаттады. Қыстың бел ортасында жолақының күрт өсуі жыл сайынғы дәстүрге айналып кеткен сынды. Бастапқыда билет құнын едәуір  өсірмекші болған теміржолшыларға Монополия агенттігі тұсау салған. Десе де, соңғы жеті жыл ішінде елімізде темір жол ақысы 75%-ға қымбаттаған.
Енді облысаралық және халықаралық бағыттағы барлық типтегі орындардың бұрынғы бағасына 500 теңгенің үстінде жаңа құн қосылады. 
Тарифтің өзгеруіне отын-энергетикалық ресурстардың қымбаттауы, вокзал шаруашылық қызметтерінің, вагондарды күрделі жөндеуден өткізу құнының, деполық жөндеу жұмысының артуы себеп болып отыр дейді. Бағасына қарай сапасы демекші, қызмет көрсету жұмысы да жақсара түспекші.

АҚПАРАТ 09 қаңтар 2014 г. 910 0