ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖҮРУ БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

   Кеше 8 қаңтардан бастап Қызылорда қаласындағы қалаішілік №4, №5, №6, №20 маршруттарға өзгеріс енгізілді. Енді №4 маршрут Сағымбаев көшесіне Қорқыт ата, Ынтымақ, Жеті асар, Жезқазған трассасы арқылы шығады.
Ал №5 нөмірлі маршрут Жібек жолы, Сәдуақасов, Желтоқсан, Мұратбаев, Абай даңғылы арқылы Желтоқсан көшесімен Теміржол вокзалына қарай жолаушыларға қызмет көрсетеді.  Тасбөгеттен шығатын №6 бағыттағы маршрут Жібек жолымен, Сұлтан Бейбарыс арқылы Жеңіс көшесіне түсіп Әлихан Бөкейхан көшесінен барып, бұрынғы жолымен жүреді. Сондай-ақ, №20 маршрут Жібек жолынан С.Жүнісов көшесіне, Қалжан Ахун, Түркістан көшесі арқылы Жеңіс көшесімен қайта бұрынғы жолымен қызмет көрсететін болады. 
   Қоғамдық көліктің қозғалысындағы өзгерістер тұрғындардың өтініш-пікірлеріне байланысты жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталып отыр.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
АҚПАРАТ 09 қаңтар 2014 г. 907 0