Бірлік (Ертегі)

Баяғы өткен заманда Қуаныш, Махаббат, Бақыт, Жақсылық, Шаттық атты періште қыздар өмір сүріпті. Олар адамдарға көрінбей жақсы нәрселер істепті. Бір күні олар ренжісіп қалып, бір-бірімен сөйлеспей қояды. Оларды көрген аталары Көңіл-күй:
- Әй, балаларым, ұрыспаңдар! Егер сендер бірлікте болмасаңдар, адамдарды кім қуантады? Олар қалай жақсы өмір сүреді, кім керемет көңіл-күй сыйлайды, - депті.
Періште қыздар аталарының ақылын тыңдап, қайта татуласыпты. Содан бері ешқашан ұрсысып, бір-бірінің көңілін қалдырмаған екен.

Сезім САҒАТБЕК,
№ 144 мектептің 2-сынып оқушысы
ӘДЕБИЕТ 07 мамыр 2020 г. 1 617 0