« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Ертеде бір патша баласын медресеге беріпті. Баласы ұстазды тыңдамай, еркелікке басыпты. Патшаның баласы болғандықтан ұстаз да балаға қатты сөйлеуге қаймығып, шарасыз халге түсіпті. Бірақ шәкірт аманат болғандықтан, ұстаз шыдамы таусылып, патшаға барып, жағдайды жеткізеді. Патша әрі ойланып, бері ойланып, бір шешімін тауып ұстазға ойын айтады. Ұстаз алғашында бұл шешімге шошып кетсе де, патшаның дегеніне көнеді. Келесі күні дәріс үстінде бала тағы да еркелігіне басып, ұстазды тыңдамай, келемеж қылады. Дәл сол сәтте есік қағылып, патша есіктен басын сұғып ішке қарайды.
Алдын-ала келіскендей ұстаз патшаға дүрсе қойып, айғайға басады:
Шық кәнеки, көрмеймісің, дәріс өтіп жатыр, -деп. Патша болса мүләйімсіп, кешірім сұрап, шығып кетеді. Мұндайды көрген патша баласының аузы ашылып, көзі бақырайып кетеді.
Сол күннен бастап ұстаздың айтқанын екі етпей, үлгілі шәкірт болыпты. Осылайша баласының тәрбиесін, ұстаздың абыройын өзінің патшалығынан да маңыздырақ, жоғары санайтын патша дегеніне жетіпті.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |