| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Жас жұбайлар жаңа пәтерге қоныс аударады. Келесі күні таңертең таңғы асты ішіп отырғанда әйелі терезені нұсқап: «Қымбаттым! Көрші әйелдің жуып жайған киімдеріне қарашы. Кірі ашылмаған, нашар жуылыпты. Шамасы арзан ұнтақ пайдалатын болса керек», — дейді. Әйелі көршінің керілген арқанына жайылған кір киімдерді күн сайын бақылап жүреді. Бір күні таңертең байқаса көршінің киімдері тап-таза! Таңданысын жасыра алмай жаңалықты күйеуіне асыға хабарлайды. Шамасы көршінің әйелі кір жууды үйренген секілді, дейді. Сонда жолдасы: «Мен бүгін сәл ертерек тұрып көптен бері тазаланбаған терезені сүртіп қойғанмын», -дейді байсалды қалпын бұзбай.
Осылайша өз бойына қате түсініктерді байқамай қалыптастырып алатын адамдар да бар. Негізі адам өзгелердің іс-әрекеттеріне әділ баға беруі үшін өзінің көңіл терезесін таза ұстау қажет. Әйтпесе шындықты шынайы бейнесінде көре алмай қателеседі.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||