Данышпан, ойшыл, дарабоз

 Абай – барша қазақтың ұлы ағасы,

Кемел ойлы кемеңгер ғұламасы.

Алаш барда Абай да мәңгі бірге,

Анық оның тұғырдан құламасы.

Абай – биік Алаштың асқар шыңы,

Баршаны болашаққа бастар шыңы.

Байыппен баурайына барған сайын,

Ашыла түсері анық астар шыны.

Не іздесең табасың, бар Абайда,

Өнер, білім, өсиет бәрі Абайда...

Қаланғың келсе өмірде кірпіш болып,

Арланбай ақыл сұрап бар Абайға!..

Қалған мұра баршылық бізге Абайдан,

Бірлік пен ынтымақты ізде Абайдан!..

Ойшылдың өсиетін есте ұстап,

Ешқашан үмітіңді үзбе Абайдан!..

Ұққан жөн данышпанның дара сөзін,

Өсиет өлеңдер мен қара сөзін.

Қанағат, талап, еңбек, терең оймен,

Қажеттің бәрі осында, қара көзім.

***

Болжаған Абай, Шәкәрім,

Тәуелсіз таңның атарын.

Мұхтар мен үш ойшылдай,

Көбейе бергей қатарым.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ.

ӘДЕБИЕТ 25 ақпан 2020 г. 511 0