« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
«– Бетім-ай!.. Масқара-ай! Тырыли арық Қарақатын жерқазбаға танаурап сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың жанына аудара тастады. Ұзын қара кісі соңында шұбалаңдап жатқан ізіне қарап тұр: әлгінде келген жағына көз салғалы артына бұрылғанда, назары осы ізге түсті де,жанарын ала алмай арбалып қалғаны. Неге бүйтті?» Бұл – көзі қарақты оқырманының санасына өшпестей із қалдырған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің теңіз түбіндегі маржандай ұлы шығармаларының бірінің бастауы. Жазушының шығармалары бірнеше тілге аударылған. Соның ішінде «Қан мен тер» романын тұңғыш рет орыс тіліне Юрий Казаков, араға жылдар салып Анатолий Ким тәржімалаған. Аударманың сапасына орыс жазушыларының өздері таң қалған көрінеді. Әбдіжәміл атамыз бір сөзінде: «Мен аудармамның кейде орысшасын оқып отырып риза болғаннан зәрем ұшып кетеді. «Әй, менде қалай екен?» деп дереу қазақшасына қараймын. Жоқ, екеуі де бірдей екенін көріп барып тынышталамын...» – депті.
«Қан мен тер» трилогиясы және «Соңғы парыз» романы дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Герольд Бельгер, француз жазушысы Лили Дени т.б әлемге әйгілі болған романды өз тілдерінде сөйлеткен. Жазушының өзі де А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Соңғы уақытта қаламгердің кейіпкерлеріне арналған ескерткіштер бой көтеруде. 2008 жылы Ақтөбе қаласында «Қан мен тер» трилогиясының кейіпкерлеріне (авторы – Ерік Жауымбаев) ескерткіш ашылды. Бұл – Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы ескерткіш. Ол Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған. Композицияда «Беларан» аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген. 2014 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдығына орай Арал қаласында әдебиет үйі ашылды. Жазушы өзіне деген құрметті көріп, тәнті болды. Ал 2015 жылы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған символикалық белгінің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Шараға жазушы отбасымен қатысып, тамаша сәттің куәсі болды. Белгінің авторы – ақтаулық мүсінші Көшер Байғазиев.
Жұмыс бөлмесінде берген сұхбатында классик жерлестеріне алғыс айтты. Биыл жазушы 95 жасқа толады. Осыған орай Ә.Нұрпейісовтің «Әдебиет үйі» бірнеше тағылымды шаралар ұйымдастырады.
Ботагөз САРБАСОВА,
Ә.Нұрпейісовтің «Әдебиет үйі» меңгерушісі.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |