« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Вакыт» газетіндегі Абай туралы мақала араб тілінің каллиграфиясымен жазылған,-деді музейдің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызы,-әзірше мақала мағынасы зерттелген жоқ. Мамандар бұл мақала шамамен 1908 жылы жазылған деп отыр. Сондай-ақ татар тіліндегі Абай шығармалары да бар екен, Кеңес заманындағы газеттерден табылды.
Және музей қызметкерлері «Кедей мұсылмандарды қамқорлыққа алу туралы басқарма есебі» деген құжатты да тауып алыпты. Бұл 1900 жылы шыққан. Басқарма 1898 жылы ұйымдастырылып, құрамына 10 құрметті мүше, 26 құрылтайшы кірген. Жиналған қаржы қаладағы жағдайы жоқ мұсылман отбасыларына берілген. Мүшелерінің ішінде Әнияр Молдабаевтың да фамилиясы тұр екен. Бұл кісі Абайдың тәрбиесінде болған адам. Шынар Мұратқызының айтуынша, барлық табылған дүниелер Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрмеге қойылып, жұрт назарына ұсынылатын болады.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
«Еgemen Qazaqstan»
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |