Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезов драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихына үлкен еңбек сіңірген. Жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән беріп, шәкірттер тәрбиелеген. Артында құнды еңбектері мен тәрбиелік маңызы зор, әлі күнге дейін маңызын жоймаған қанатты сөздері ел есінде. * Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы. * Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. * Жалынған – бас қорғау емес, жағаласқан – бас қорғау. * Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі. * Жақсыда жаттық жоқ. * Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек. * Адам баласының жаман құлқы – жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. * Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы? * Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. * Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлділ. * Не – аңсағанда аларсың, не – қақсағанда аларсың. * Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске болмас». * Арқада жыл жақсы болса – арқар ауып несі бар?! * Еккенің тікен болса – орғаның балауса болмас. * Жаза баспас қадам жоқ – жаңылмайтын адам жоқ. * Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең. * Дос таппаған ер азар – басшы бақпаған ел азар. * Күй атасы – Қорқыт. * Күйгенімнен – сүйгенім көп. * Құтырғаннан – құтылған. * Талай жан бар – аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас. * Шын көңілден айтылған тілекке – шындықпен жауап беру парыз. * Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.