БІЗ – ДҮЙСЕНОВ ЛИЦЕЙІНІҢ ТҮЛЕГІ

Сырдан шыққан әдебиеттің алыбы,

Шыңнан асқан ғылымдағы  танымы.

Жазғандары  талай  тілде  таралып,

Еңбектерін бүкіл әлем таныды.


Әдебиетке  сіңірген көп еңбегі,

Оқуменен, ізденумен өрледі.

Жас ұрпаққа  қазақ әдебиетінің

Бай  тарихын танытым деп терледі.


Сұлу сөзден сурет салған мың түрлі,

Әңгімелер жинағында сыр тұнды.

Жазушының әрбір туындысынан,

Алып жүрер қай кезде де жұрт үлгі.


Дүйсеновті  біз осылай  таныдық,

Әдебиеттің ерекше атқан таңы  қып.

Мырзабек ата атына кір жуытпай,

Өр намысты  тасқайрақша  жаныдық.


Жақсы  оқимыз, елдің де сол тілегі,

Лицейіміз бізбен бірге  түледі.

Атымызға сай  боламыз әрқашан,

Біз – Дүйсенов лицейінің түлегі.


Айша ҚУАНЫШ, 

М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің 

5-сынып оқушысы.

ӘДЕБИЕТ 25 желтоксан 2017 г. 1 050 0