Еңбеккерге Мадақ
Еңбек деген ерен күш, жасын батыр,
Ынтымақ пен береке қасында тұр.
Қуан жұртым, несібең тасып жатыр,
Ыстық пейіл құшағын ашып жатыр.
Екпініндей арындап шапқан аттың,
Белден кешіп бейнетпен бақ қараттың.
Жыр жайқалтып бетіне ақ парақтың,
Мерейіңді тасыған мақтамақпын.
Айтсақ сөздің ақиқи нақ дұрысын,
Еңбеккерлер – тоқ кеуде, тәтті мүсін.
Елағасы қуанып шаттық үшін,
Алқа қылып тағады ақ күрішін.
Оттай ыстық орының отандағы,
Асыл адам, аймаңдай ақ ордалы.
Жүзі жарық, жаны пәк жаһандағы.
Сен ғанасың еңбектің қаһарманы.
Қойнауынан даланың тартып алып,
Сом білекпен сыйладың халқыма құт.
Таптым мен!
Алтын күздің дәрпі дарып,
Атыңды қашап жазар алтын әріп!
Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.