Ауыл жастарының слеті өтті

Арал. Аудан орталығында «Ауыл жастары – ұлттың рухани байлығы атауымен ауыл жастарының слеті өтті. Бұл шараны аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Отан» жастар қанаты және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 
Слет барысында ауылдағы жастар саясатын дамыту мәселелері талқыланды. Делегаттар «Жастар және дін», «Ауыл жастары арасындағы көшбасшылық қабілетті арттыру» және «Еріктілер қозғалысы» тақырыптарындағы 3 секцияға қатысып өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында ауыл жастарының ұсыныс пікірлері тыңдалып, слетке қатысушылардың үндеуі қабылданды.

--- 08 қараша 2013 г. 1 439 0