«АЛТЫН КҮЗ-2014» және «ҚАЛА КҮНІ» мерекесі аясында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар

2014 жылғы 17 қазан

Сағат 17.00-18.00. Студенттер сарайы. «Мерей мәртебем –Қызылорда» атты қала күніне арналған салтанатты шара.

2014 жылғы 18 қазан

Сағат 10.00-13.00. Егін жинау жұмыстарының қорытындысы мен өндіріс озаттарын марапаттау салтанаты, концерттік бағдарлама (Н.Бекежанов атындағы драмтеатр).

Сағат 13.00-15.00. Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттарын салтанатты қабылдауы.

Сағат 19.00-22.00. Орталық алаң. «Ұлттың рухани арнасы – қазақтың Қызылордасы» атты қала күніне арналған гала-концерт, отшашу (Қазақстан, Ресей өнер жұлдыздарының қатысуымен).

2014 жылғы 19 қазан

Сағат 08.30-13.00.Қаланың мөлтек аудандарында

«Алтын күз-2014» қала, облыс аудандарының ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесі (белгіленген орындарда).

Арал ауданы Қорқыт ата көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысы (Тесік көпір аумағы);

Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев көшесі мен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы);

Қармақшы ауданы «Думан» мейрамханасы мен «Сырдария» СҮ-нің аралығындағы алаң, («Мерей» мөлтек ауданы);

Жалағаш ауданы «Титов» қыстағы (№173 орта мектептің аумағы);

Сырдария ауданы Жанқожа батыр көшесі, (Реалбаза алды);

Шиелі ауданы Тасбөгет кенті, (Орталық алаң);

Жаңақорған ауданы Б.Ибраева көшесінің бойы

(Е.Көшербаев көшесі мен Жеңіс көшесінің аралығы);

Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінің бойы,

(Қазбек би көшесі мен Д.Қонаев көшесінің аралығы)

Сағат 10.00-12.00. «Сыр ана» монументі. «Этно ауыл Қызылорда» атты облыс аудандары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының көрмесі, концерттік бағдарлама.

Орталық алаң

Сағат 10.00-12.00. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қол күресі, гір көтеру, волейбол, футбол. т.б.)

Сағат 10.30-12.00. «Алтын күз-2014» атты білім мекемелерінің жәрмеңке-көрмесі.

Сағат 10.00-13.00. Орталық сахна (театр).«Менің қалам – Қызылорда» атты қала өнерпаздарының мерекелік концерті.


--- 14 қазан 2014 г. 1 316 0