БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

"Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы «Бақытты балалық» жобасы мен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балаларға базарлық ретінде қайырымдылық шара өткізді.

Акция мақсаты Елбасы Н.Назар­баев­тың халыққа Жолдауын, «Нұр Отан» партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру, тұрмысы төмен отбасылары мен жетім, жартылай жетім балалардың мәселелеріне жұртшылық назарын аударту әрі аталған санаттағыларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қорының» директоры Сапура Абдрахимова, "Игілік” корпоративтік қоры мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Жеті балам бар. Бесеуі оқиды. Мектеп құралдарын, киім-кешектер сатып алу көпбалалы аналарға қиын болып тұр. Осындай жағдай туғызған «Нұр Отан» партиясы мен "Игілік” қорына және жаны жомарт жандарға алғысым шексіз», – дейді Батыр ана Назерке Кадирова.

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.

--- 09 қыркүйек 2014 г. 1 282 0