Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аула клубы ашылды"ЛУБЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі жандарғакөбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп көрсеткен.
Олай болса, Елбасымыздың осындай игі істерінің аясында біздің ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қамқорлықтар, жағдайлар жасалуда. Бүгінгі күні де осындай игі істердің куәсі болғалы отырмыз.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «АУЛА КЛУБЫН» аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Қырымов Досхана, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тұрымов Ерболат,ІІІ-топтағы мүгедек жан Алғашбаев Әбілқасым қатысты.
«Аула клубының» салтанатты түрде ашылу лентасы қиылып, бөлмелерін аралап, жұмыстарымен танысты.
---
19 тамыз 2014 г.
1 084
0