« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сыр елінде дүниеге келген, жомарт жандарды сіз білесіз бе? Қасиетті қара шаңырақта дүниеге келген, Ес Абыз бабамыздың ұрпағы, жүрегі жомарттыққа толы жан ретінде мен өз нағашым Оспанов Ерлан Әбдіразақұлы жайлы біраз сыр шертейін. Нағашым өте мейірімді жүрегінде иманы бар, қамқор көпшіл жан. Ол кісі "Каз Строй Эксперт"ЖШС компаниясының басшысы. Арал балалар үйінің демеушісі қаламыздың мектептерінде жағдайы төмен отбасы балаларына көп көмек қолын созған.
Айта кетер болсақ 1 мектеп лицейінің оқушыларына сөмкелер сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Өткен жылы Арыс қаласында орын алған жағдай кімкімді де бейжай қалдырмады. Осы оқиғадан көп адамдар зардап шегіп, қаншама үйлер қирады. Осындай жағдайды көрген нағашым өзі басшылық жасайтын компаниясының қолдауымен, Арыс қаласындағы барлық үйлерді қайта жөндеуден өткізіп, тұрғындарға азық-түлік және т.б көмектесті. Одан бөлек қаламызда көркем ғимараттар салынып жатқанынын барлығымыз білеміз.
2014 жылы Қызылорда қаласы, Титов қыстағындағы апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына 60 пәтерлі 2 үйдің құрылысын және 2015 жылы сол қыстақтағы 60 пәтерлі жалдамалы 1 үйдің құрылысын жүргізді. Айта берсе өте көп. Осындай еңбектерің арқасында, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президентінен "Қазақстан тәуелсіздігіне" 25 жыл мерекелік медальмен, 2017 жылы "Ұлттық бизнес" рейтеингінен "үздік жыл басшысы",2018 жылы қала әкімінен Қызылорда қаласына" 200 жыл мерекелік" медальмен ,2019 жылы облыстың құрылысы мен сәулеттік келбетінің дамуына қосқан үлесі үшін дипломмен, 2019 жылы " Сыр құрылысының 75 жылдығы" төсбелгісімен марапатталды. Міне, осы сәтте менің есіме Жүсіп Баласағұн атамыздың бір қанатты сөзі "Өз пайдаңды ойлама-ел пайдасын ойла:өз пайдаң соның ішінде " деген қанатты сөзі есіме түсіп отыр. Осы бір нақыл сөздің Ерлан ағама сілтегім келіп тұрғандай. Менде осы кісінің үлгілі істерін мәртебе тұтып,кеудемді мақтаныш кернейді.
Қорытындылай келе, әр қазақ менің жалғызым өзінің емес елініңде пайдасын ойлайтын азаматтар мен азаматшалар көбейсе екен деп тілейміз.
Мөлдір ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
1-курс студенті
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |