« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Бүгінде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар
Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заң актілерімен
бекітілген әлеуметтік жеңілдіктерді, сондай-ақ жеке құқықтары мен
бостандықтарын толық пайдаланып келеді. Бұл мүгедектердің өзін қоғамның
толыққанды мүшесі екендіктеріне сенімділіктерін туғызуда.
Газет тілшісі Бақтыбай Бердібаев облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Досхана Қырымовқа жолығып, оларға жасалып отырған жағдайларға көз жеткізген еді.
– Досхана Қырымұлы, алдымен мүгедектер өмірін жақсартуға бағытталған шаралардан хабардар етсеңіз?
– Қазақстан Республикасының "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заңында мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және олардың құқықтарын қамтамасыз ету айқын көрініс тапқан. Онда бекітілген механизмдер 2012-2018 жылдар аралығын қамтитын ұзақмерзімді ұлттық бағдарлама десек болады. Биылғы жылдың наурыз айында аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған тағы бір құжат өмірге келді. Ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бекіткен 2014-2015 жылдарға арналған арнайы жол картасы жобасы.
Осы игі бастамаға орай кез келген мекеме өздеріндегі жұмысшы-қызметкерлерінің үш пайызынан кем емес жағдайда оларды жұмыспен қамтуға міндетті екенін айтқым келеді. Бір атап өтерлігі, мүгедектердің барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен мәдени және спорттық объектілерге кедергісіз қол жеткізулеріне мүмкіндігі мол. Мұндай үлкен қолдау білім беру саласына да көрсетіліп отыр.
– Мүгедектерге көрсетілетін қызмет түрлеріне тоқталсаңыз?
– Қазіргі таңда Қызылорда қаласында психоневрологиялық интернат үйі мен жүз елу орындық мүгедектерді оңалту орталығы жұмыс жасайды. Сондай-ақ мүгедектердің демалыс уақыттарын тиімді өткізулері үшін аула клубтарын ашу қолға алынуда. Қазіргі таңда олардың саны жетеуге жетті. Жыл басынан бері оңалту орталығындағы 375 мүгедектің үш жүздейі еңбекпен қамтылып, осынау қолға алынған іс сексен пайыздай орындалды деген сөз. Олардың жүз тоқсаны қоғамдық жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге мың бір жүз жеті он сегіз жасқа дейінгі мүгедек жасөспірімдерге әлеуметтік қызмет үйлерінде көрсетілуде. Өздіктерінен қозғалулары мұң бұл жандарға 778 жеке күтуші бөлінген. Бұдан басқа мың екі жүз адамға медициналық көмек көрсетіледі. Мүгедектердің қоғамдық орындармен қамтамасыз етілуі үшін 1453 объект паспортталған.
– "Инватакси” қызметі туралы не айтасыз?
– Облыс басшылығының қолдауымен, міне, биыл үшінші жыл Қызылорда қаласында "Инватакси” қызметі көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні бұл жұмыс аудандарда да қолға алынуда.
Арнайы көтергіш қондырғымен жабдықталған автокөлік мүгедектердің қала ішінде жүріп-тұруына жағдай жасайды. Аталған жұмыс жергілікті бюджеттен қаржыландырылса, тасымалдау қызметін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үйлестірген. Оның ережесі еліміздің Әділет министрлігінде тіркеліп, бекітілген. Осы қызмет түрін Қызылорда қаласында тіркелген сегіз жастан жоғары бірінші топ мүгедектері пайдалана алады.
– Ол үшін не істеу керек?
– Ол үшін облыстық мүгедектер қоғамына өтініш беру керек. Онда қажетті құжаттардың ксерокөшірмелері, оның ішінде тапсырыс берушінің мүгедектігін растайтын №035-1/у үлгідегі медициналық қорытынды болуы тиіс. Көлікке тапсырыс алдын ала өтініш бойынша бір күн бұрын қабылданады. Ол үшін диспетчерлік қызметке 8-7242-27-81-49 телефонына қоңырау шалып, өзінің тегін, аты, әкесінің аты, мекенжайы, баратын жері, көлікке тапсырыс берген уақыты көрсетіліп, байланыс телефоны жазылады. Тапсырыс беруші бірінші кезекте оқу немесе жұмыс орындарына жеткізіледі.
– Сонда көлікті қанша уақыт пайдалануға мүмкіндік бар?
– Көлік көрсетілген мекенжайға жеткен соң пайдаланушыны 20 минут күтеді. Егер ол белгілі себептермен сол уақытында шықпаса, көлік келесі тапсырыс берушіге бағыт алады. Алайда алдыңғы пайдаланушыға қызмет көрсетілген болып есептеледі. Тағы бір айтарым, көлікке отырарда пайдаланушы тұлға жүргізушіге өзін куәландыратын жеке куәлігін, мүгедектігі туралы анықтаманы және жеке оңалту жобасын (ИПР) көрсетеді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жолаушының жанында қостаушысы болғаны жөн. Егер тапсырыс берушінің жеке куәлігі және еріп жүрушісі болмаса, онда оған қызмет көрсетілмейді.
"Инватакси” қызметін облыс орталығында аптасына бір рет жұмыс күндері сағат 9-дан 17 сағат 30 минутқа дейін екі сағат қана пайдалана алады. Көлікті пайдаланып болғаннан кейін тапсырыс беруші қостау қағазына қолын қояды. Сондай-ақ ол өзінің пікірін, ұсынысын немесе шағымын қалдыра алады.
Әңгімелескен Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |