Нұржан Ақпанбет - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Жапонияда ересектер арасында каратэ-до шито-рюден өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Нұржан Ақпанбет 60 келіде күміс жүлдені иеленді. Ол төрт кездесу өткізіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Тек финалда жапониялық спортшыға есе жіберіп алған Нұржан Ақпанбет жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алады. Бапкері - Рүстем Əбжəмиев.

--- 19 наурыз 2019 г. 445 0