« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыста «жалған кәсіпорын» ретінде танылған 13 салық төлемгерінен 1,4 млрд. теңге зиян келген. Бұл туралы облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді.
Өткен жылы облыста салық органдарының кешенді тексеру нәтижесінде мемлекет тайқазанына қосымша29,1 млрд. теңге көлемінде салықтар мен төлемдер есептелген.
Жалпы2011-2013 жылдар аралығында облыста сот шешімімен 13 салық төлемгері «жалған кәсіпорын» деп танылып, осы жалған кәсіпорындармен ҚҚС бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге көлемінде есеп айырысқан 340 контрагенті анықталған.
«Жалған кәсіпорын мәселелерін төмендетудің жүйелік сипаттағы шарасы – электрондық шот-фактураларды енгізу болып табылады. Осы әрекеттерді енгізу үшін пилоттық шара жүргізіліп жатыр. Ал 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бүкіл республика бойынша ерікті түрде электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйеге енгізу жұмысы басталатын болады», – деді Әуезбек Дүйсенбаев.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |