Шеберліктерін шыңдауда

 Қазіргі таңда кәсіпкерлік кең қанат жайды. Бұл салаға бет бұрған нәзікжандылар қатары да қалың. Оларға мемлекет тарапынан қолдау күшейді,  істі иіріп әкетуге септесетін түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. 

Жуырда «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасының грант иегерлері осы бағыттағы жұмысқа қызу кіріскенін байқадық. Олар «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйіндегі қыз-келіншектерге қоғамда қажетті деп табылатын мамандықтарды оқытуды бастаған. Арнайы мамандарды тартып,   кондитерлік өнім өндіріп, осы арқылы жеке бизнесті дамытуға болатынын, үйде отырып-ақ өз ісіңнің шырайын кіргізу мүмкін екенін көрсетуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, батыл бастама әлі де жалғасын табады.


--- 06 желтоксан 2018 г. 367 0