Қазақстандық фильм Asia Pacific Screen Awards марапатына ұсынылды
Қазақстандық режиссердің фильмі бірнеше номинация бойынша Азия-Тынық мұхиты киносыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2007 жылы құрылып, жыл сайын өтетін Asia Pacific Screen Awards Азия-Тынық мұхиты киносыйлығының «Үздік фильм» номинациясына Әділхан Ержановтың «Әлемге жылы бейжайлық» («Ласковое безразличие мира») картинасы ұсынылған. Сонымен қатар, режиссер «Үздік шынайы сценарий» номинациясы бойынша да бақ сынамақ. Бұл байқауда Азия-Тынық мұхит аймағының фильмдерін, актерлерін, режиссерлерін және мәдениетін марапаттау және ілгерілету көзделген. Жеңімпаздарды халықаралық қазылар алқасы анықтайды. Фильмдер кинематографиялық шеберлік бойынша және ұлттық, мәдени құндылықтардың көрініс табуы бойынша бағаланады. Биыл аталмыш байқауға 22 елден 46 фильм қатысады.
---
28 қараша 2018 г.
409
0