Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың аудандарға жұмыс сапары Қармақшы өңірінде жалғасты. Аймақ басшысының сапары өңір мұражайындағы мазмұнды экспонаттармен танысудан басталды. Мұнда 4 мыңнан астам жәдігер сақталған. Үлкен залда «Кіріспе», «Археология», «Этнография», «Табиғат», «Соғыс», «Өнер және мәдениет», «Спорт», кіші залда «Тәуелсіздік», «Рәміздер», «Қорқыт Ата», «Байқоңыр» атты бұрыштар орналасқан. Көне заманнан күні бүгінге дейінгі аудан тынысын сыйдырған мұражайда облыс басшысын ардагерлер, зиялы қауым өкілдері күтіп алды.
Әлеумет
27 шілде 2019 г.
728
0
.Арман қуып, ауылдан қалаға келген студент-жастар үшін жатақхана мәселесі әр кезде маңызды. Елбасы Н.Назарбаев бес әлеуметтік бастамасында 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75000 орынды қамтамасыз ететін жатақхана салуды тапсырған болатын. Бұл міндетті жүзеге асыру жұмыстары жер-жерде жүргізілуде.
Әлеумет
27 шілде 2019 г.
1 126
0
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен актив отырысы өтіп, бірқатар кадрлық өзгерістер жария етілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2019 г.
375
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде экономикалық өсім бар екендігі айтылды. «Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану. Аталған жетістіктерді еселеуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы. Осы жиында бизнеске тұсау болғандар қатаң жазаланатыны ескертіліп, бірқатар салалар бойынша нақты тапсырмалар берілгені мәлім. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновпен әңгімеміз аймақтағы кәсіпкерлік саласының дамуы туралы болды. – Фердоуси Әбілқасымұлы, Мемлекет басшысы жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға маңыз берді. Бұл орайда үш жылды кәсіпкерлікті қолдау жылына арнаған Сыр елінде кәсіпті дамыту мақсатында жасалып жатқан ерекше қадамдарды атап өтсеңіз...
Cұхбат
27 шілде 2019 г.
2 053
0
(Жанқожа батырдың баласы – Жолшы батырдың аузынан 1929 жылы жазылып алынған. Жазып алған – немересі Көрегенов Қобылан).“Жанқожа батырдың тарихы” деп аталатын бұл көлемді қолжазбада Сыр бойы тұрғындарының сүйікті батыры “Ел қорғаны – Ер Жәкең” атанған Жанқожа батыр Нұрымбетұлының өмірбаяндық шежіресі баяндалған. Мұнда батырдың ата-тек шежіресі тарқатылуымен бірге Жанқожаның сыртқы басқыншы жауларға қарсы жасаған жорықтары кезең-кезеңімен әсерлі әңгімеленген. Әр оқиғаға жеке тарау беріліп, тақырып қойылған. 17 тарауға бөлінген тарихи шежіренің соңында Жанқожа батырдан тараған ұрпақтары туралы нақты мәліметтер кездеседі.
Тарих
27 шілде 2019 г.
3 339
0
PDF
27 шілде 2019 г.
376
0