АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Будапешт қаласында (Венгрия) күрес түрлерінен өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келі салмақта қола жүлдені иеленді!!!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 553 0
ЕҢБЕК ЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ЕҢБЕК ЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

  Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне орай аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Құрмет» орденінің кавалері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана - Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 632 0
Ұлтаралық компаниялар Қазақстанға инвестиция салады

Ұлтаралық компаниялар Қазақстанға инвестиция салады

Агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне арналған «ASTANA AGRO FORUM – 2018» форумы аясында агроөнеркәсіп инвестициясына қатысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар (Farm Frites Beheer B.V, Grand Farm Meats, Hyundai Corporation және басқалар), салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 489 0
Футболдан ел чемпионы анықталды

Футболдан ел чемпионы анықталды

"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып, қазақ футболы тарихында жаңа жетістік шыңын бағындырды. Осыған дейін бірде-бір команда бес жыл қатарынан топ жармаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 442 0
Астанада дүниежүзілік сауда орталығы салынады

Астанада дүниежүзілік сауда орталығы салынады

Астанада таяу жылдары қандай нысандар пайда болатыны туралы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (Astana ӘКК) айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 487 0

Сыр елінің ардақ тұтар абызы

Шәкең Сырдарияның «Ақлақ» тоспасынан екі шақырым жердегі Терістүбек деген ауылда дүниеге келген.  Ауылдың алдындағы Баян көлі бір жағы теңізбен, бір жағы дариямен шектеседі. Елдің негізгі кәсібі – балық аулау. Олар екінші сыныпта жүріп-ақ ата кәсіпті де, құс атуды да үйреніп алыпты. Соғыс жүріп жатқан 1942 жылы әкесі Дәрмағанбет пен оның серіктесі Елеместі еңбек армиясына алып кетті. Содан колхоз басқармасы Байтақ Бүркітәлі екеуін оқудан шығарып алып, «әкелеріңнің жоспарын орындайсыңдар» деп балыққа жіберді. Мектеп директорының көнбеске амалы жоқ, қорқады, оны да еңбек армия­сына жіберуі мүмкін. Жоспар дегеніңіз анау-мынау емес, 104 центнер, оған қоса 40 ау, қайық, құрал-жабдықтар бар. Олардың әкесі теңізден балық аулайтын еді, он үш жасар болса да қорықпай өркеш-өркеш толқыны бар теңізге шықты. «Аралбалық» комбинатының бастығы «Возрождение» аралынан шемейка аулауға әскерилерден рұқсат алады. Үлкен кемеге қайықтарын тіркеп, тау-тау толқындармен алысып, оған да жетті. Әскери аралға жақындатпайды. Бірақ балық көп, еңбектері қайтып бірнеше күнде олжалы оралды. Содан күзгі суық түскенде қарашаның аяғында ғана оларды босатып, мектепке баруға рұқсат берді. Басқарма әкелерінің жоспарын артығымен орындағандарын айтып, арқаларынан қағып, айлық жазып шығарып салды. Міне, соғыс балалары осылай есейген еді. Қаратереңде онжылдықты бітіргеннен кейін ол Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түсті.
АҚПАРАТ 28 қазан 2018 г. 573 0

«БЕСАРЫҚ» АТТЫ АУЫЛ БАР

Күздің жиын-терім аяқталып, арқаны кеңге салған осы шағы асып-тасыған берекесімен ерекше. Әсіресе, ерте көктемнен бері бел жазбай еңбек еткен диқан қауымның алаң көңілі саябыр тапқан. Бұйырған несібені қамбаға құйып, қыстық отын-көмірді қамдап, мал азығын  жинап алған ағайынның да қарбалас тірліктен қолы босағаны байқалады. Берекелі маусымға тән тағы бір өзгешелік бар. Балапанды күзде санайтын әдетпен шаруашылықтардың жауапты кезеңді қалай қорытындылағаны таразыға тартылады. Жеңімпаздар анықталып, үздіктер төрге шығып, еңбектері еленетін уақытты еңбек адамдары асыға күтетіні анық. Осындай берекелі шақта қала іргесіндегі Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» шаруашылығына жолымыз түсті.
АҚПАРАТ 28 қазан 2018 г. 783 0

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ТҮРІ ӨЗ ИГІЛІГІН БЕРУДЕ

Биыл жаңа форматта енгізілген атаулы әлеуметтік көмек өз кезегінде еңбекке жарамды азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығын, шағын кәсіпкерлігін дамытып, көптеген отбасының кіріс көзін арттыруға септігін тигізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева осылай деді.
АҚПАРАТ 28 қазан 2018 г. 512 0

СПОРТ АЛАҢЫНДА САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында спартакиада өткізілді.
АҚПАРАТ 28 қазан 2018 г. 468 0

ҰЛТ ЖАУЫНГЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Облыс орталығындағы “Достық үйінде” корей халқының батыры Хон Бом Доның туғанына 150 жыл толуына арналған тарихи-танымдық конференция болып өтті. Шараға Корея Республикасынан келген делегация жетекшісі Хон Сон Док, “Хон Бом До” ассоциациясының жетекшісі Хван Вон Соп, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ 28 қазан 2018 г. 524 0