Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды. Биылғы Анталия Халықаралық кинофестиваліне 10 фильм, соның ішінде 2 түрік фильмі ұсынылды. Оларды 34 мың көрермен тамашалаған. «Үздік фильм» аталымында ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш Тұлға (Three Faces)» фильмі жеңіске жетті. Режиссердің өзі үйқамақта болуына байланысты, жүлде оның қызына тапсырылды. «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы атағына - «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова лайықты деп табылды.
Мәдениет
07 қазан 2018 г.
4 162
0